КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Бүгін Шымкентте Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары ассоциациясының ұйымдастыруымен Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. «КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» атты жиынға отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия өкілдері, облыстық және қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жауапты мамандары қатысты. Жиында Ата Заңға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ гендерлік саясат төңірегінде жасалып жатқан бірқатар игі істер жөнінде айтылды. Шара барысында сөз алған Іскер әйелдер ассоциациясының өкілі Ақжан Зебурқызы жиналғандарды мерекемен құттықтап, бұл күннің маңыздылығын атап өтті.

– Егемен еліміздегі әрбір азаматтың игілігін көздейтін Ата заңымызға биыл 28 жыл толып отыр. Мемлекетіміздің басты саяси құқықтық құжаты Конституция күні баршамызға құтты болсын. Осы уақытқа дейін 30-дан астам заң бабы толықтырылды. Бұл құжатта әйел, ана, отбасы құқығы биік тұрады. Елімізде азаматтық қоғамның дамуына, демократиялық үрдістердің салтанат құруына ықпал ететін Ата заң халықтың қорғаны деп білемін, – деді А. Зебурқызы.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласып, №34 мектептің шәкірттері өз өнерлерін паш етті. Оқушылар Отанымыз жайында патриоттық ән шырқап, күй орындады. Жиын соңы «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты ашық кітап көрмесіне ұласты. Ата Заңдағы өзгерістерді біру, алдағы уақыттарда өз құқығыңды біліп жүруге көп көмегін тигізеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*