Бүгінде қала аумағында жауын-шашыннан су жиналатын 58 орын бар, оның 9-ы магистралды орталық көшелерде. Биыл осындай 6 қауіпті нүктенің мәселесі шешімін тапты. Ирригацияны жақсартуда атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жауынды күндерде қалада су жиналатын орындардың азайғаны байқалды. Дегенмен, бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі қыруар. Ирригациялық жүйелерді жақсарту және су басуды алдын алу шаралары бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында талқыланды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен жергілікті аудан әкімдіктері тарапынан осы бағытта атқарылған жұмыстар пысықталып, алдағы жоспарлар бекітілді.
Мердігер мекемелердің жауынды-шашынды мезгілдерге дайындығы тиісті басқарманың жіті қадағалауында. Су жиналатын аумақтарға 100-ден аса жұмысшы, 50-ден аса арнайы техника мен 16 мотопомпа жұмылдырылады. Қазіргі таңда су басу қаупі бар орындар бақылауда.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға бір ай ішінде қаладағы қауіпті нүктелерді назарға алып, ирригацияны ретке келтіруде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Арғынбеков, Бәйтереков көшелерінденгі су жиналатын аумаққа қақпақшалар орнатуға 5 күн мерзім бекітті. Тұрғындарға қолайсыздық тудырмау және жол бойында кептелістерді болдырмау мақсатында су тартатын арнайы техникаларды барынша аз пайдаланып, ирригациялық жүйелер орнатуда тиімді шешімдер қабылдауды ескертті. Бұл ретте мердігерлерді арық-атыздар жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтауға шақырды. Сонымен қатар магистраль көшелер бойындағы су жиналатын орындарға қатысты тиісті шараларды жедел атқаруды тапсырды.
«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Абай саябағында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Акцияға қалалық […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде жалпыға бірдей қалалық тазалық науқаны бастау алып, сәтті өтіп жатыр. Бұл жайлы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр […]
Шымкент қаласында Патрульдік полиция полкі мен «Жастар ресурстық» орталығының бірлескен ұйымдастыруымен «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындарға кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарының жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін көтеру […]
Пікір қалдыру