Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6 пайыз) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.
Тұрғындардың ыңғайына қарап, жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және
53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделді.
Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Одан бөлек «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Биыл 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 38 көше асфальтталып, 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.
Сонымен қатар «Исфиджап» тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. Алдағы жылдың жоспарындағы көше құрылыстарымен бірге жүргізілетін болады. 2027 жылға дейін жаңа құрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы қанағаттанарлық жол үлесі 100%-ға жеткізу көрсеткіші жүзеге аспақ. Бұл Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаевтың қаланы дамыту бойынша берген тапсырмасының орындалуының көрсеткіші. Шымкенттегі басқа да аудандардың көшелері де күрделі жөндеуден өтетін болады.
Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл шара қала көшелерінде, қоғамдық орындарда, көлік торабы мен тұрғындар көп шоғырланған аймақтарда өткізіліп, полицейлердің бақылауын күшейтті. Мұндағы […]
В Шымкенте сотрудники полиции, находясь на дежурстве, своевременно заметили возгорание автомобиля и сумели потушить огонь до приезда пожарных, тем самым предотвратив тяжёлые последствия и возможный материальный ущерб. Инцидент произошёл на одной из центральных улиц Сайрамского […]
Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір — ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен […]
Пікір қалдыру