СОТ ОРЫНДАУШЫ БОЛУ ҮШІН ТЕСТІЛЕУГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Исабекова Айнұр Ақжігітқызы Әділет органдарындағы цифрлық жүйеге өткен қызметтер мен жаңашылдықтар туралы ақпараттармен бөлісті.

Адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттаудан өткізуді автоматтандырылған түрде жүзеге асыру.

2023 жылдың 29 мамырынан бастап адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттаудан өткізу автоматтандырылған түрде жүзеге асыру туралы Ережесі бекітілді.

Осы Пилоттық жобаны іске асыру аясында Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында нотариустар, адвокаттар және Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу жобасы іске қосылды.

Егер бұрын аттестаттау жергілікті Әділет департаменттерінде аттестаттау және әңгімелелесу түрінде өткізілсе, осы жоба шеңберінде екі кезең де тестілеу орталығында өткізіледі. Бұл жобаның тиімділігі адами факторды жояды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартады және кандидаттарға ыңғайлы уақытта аттестаттаудан өтуге мүмкіндік береді.

Адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өтуге Шымкент қаласының аумағынан жалпы 48 үміткер қатысты. Оның ішінде нотариаттық қызметпен айналысуға 22 үміткер қатысып, оның 9 өтті, адвокаттық қызметпен айналысуға 26 үміткер өтініш берсе, оның тек 2-і ғана аттестаттаудан өтті, ал, жеке сот орындаушылар қызметіне 5 үміткер қатысып, 3 үміткер онлайн сынақтан өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*