Қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі бойынша Еңбекші ауданы, Орманшы тұрғын алабының тұрғындарымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті.
Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу мәселелері қозғалып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсініктер берілді.
Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы» деп тұрақтылық мәселесіне ерекше назар аударған болатын. Қазіргі ең маңызды мәселе де осы тұрақтылық болып табылады.
Қоғамда тұрақтылық барлық топтардың мүдделері бір арнаға тоғысып, қоғам мүшелері арасындағы келісімді сақтауға жұмылу барысында ғана толық жүзеге асады. Сондықтан да бұл – барша қазақстандықтардың негізгі міндеті. Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күні қарсаңында үшінші мегаполис Шымкент ерекше мерекелік көңіл-күйге бөленді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мәдени, спорттық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылып, мереке нағыз халықтық сипат алды. Шырайлы […]
Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 13-19 сәуір аралығында өтетін онлайн іс-шаралар тізімін жариялады. Басқарма басшысы Рашид Мыңбаевтың мәлімдеуінше, Шымкентте апта бойына жалпы 57 мәдени кеш онлайн түрде өтеді. Осы орайда қалалық мәдениет, […]
Уважаемый Нурсултан Абишевич! Мы живем в сложное и удивительное время великих свершений, суверенитета казахстанской государственности, время великих личностей и государственных деятелей. Вы, Нурсултан Абишевич, как первый Президент, основатель Республики Казахстан, по духу и по праву […]
Пікір қалдыру