Қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі бойынша Еңбекші ауданы, Орманшы тұрғын алабының тұрғындарымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті.
Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу мәселелері қозғалып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсініктер берілді.
Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы» деп тұрақтылық мәселесіне ерекше назар аударған болатын. Қазіргі ең маңызды мәселе де осы тұрақтылық болып табылады.
Қоғамда тұрақтылық барлық топтардың мүдделері бір арнаға тоғысып, қоғам мүшелері арасындағы келісімді сақтауға жұмылу барысында ғана толық жүзеге асады. Сондықтан да бұл – барша қазақстандықтардың негізгі міндеті. Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді дамыту мәселесіне баса назар аудару керектігін айтқан болатын. «Еліміздің өркендеуі өңірлердің дамуына тікелей байланысты. Қазір Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Әлеуметтік, экономикалық және демографиялық ахуал мүлде […]
Шырайлы Шымкент — еліміздегі үшінші магаполис. Қолайлы ортасымен, жағымды атмосферасымен адамдарды өзіне баурайтын шаһардың жағдайы күн санап жақсарып келеді. Әдемі көшелер, көз тартар ғимараттар мен тұрғындар үшін қауіпсіз демалыс орындары. Әр тұрғын үйдің алдында балалардың […]
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды шаралардың бірі. Осы акция аясында Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары мен түрлі ұйымдар бірлесіп, табиғатқа қамқорлық көрсетуге […]
Пікір қалдыру