Шымкентте жастар арасында қаржы пирамидасы мен ойынқұмарлық секілді індеттердің алдын алуға арналған іс-шара бүгін Сайрам тұрғын алабында өтті.
«Әділетті Қазақстан: Экономикалық қауіпсіздік пен тұрақтылық кепілі» атты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыратын акция негізінде ұйымдастырылған.
Жиынға қатысушылардың басым бөлігі студент жастар мен оның ата-аналары. Акцияны Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, қалалық прократура және қала әкімдігінің қолдауымен «Сайрам Планета» холдингі қолға алып отыр. Іс-шара барысында мамандар жастарға интернет алаяқтардан сақтану жолын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
–Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында лудомания, қаржылық пирамида және интернет алаяқтық, одан бөлек халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында өзекті мәселе көтерген болатын. Шын мәнінде соңғы жылдары халық арасында интернет алаяқтарынан зардап шеккендердің саны артты. Осы мәселеге талдау жасай келе, негізінен алаяқтың құрығына тұрақты табысы бар саланың мамандары жиі түседі екен. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелер және шәкіртақы алатын студенттер бар. Алаяқтықтың ең көп таралған түрі – қаржылық пирамида, — деді Гүлзия Қарсыбай.
Маманның айтуынша, интернет алаяқтары ең алдымен адамдардың әлеуметтік желідегі парақшасына тіркеліп, оны әбден зерттейді екен. Көбіне әйелдер астау, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек секілді чаттарға тіркеліп, сол жердегі ұтыс ойындары қатысу ниетімен жиі алданады. Ал, ер азаматтар интернетте көлік сатуға арналған сайттардың атауын, үтір, нүктесіне дейін дұрыс жазып, іздеу қажет екенін айтты.
–Алаяқтар түрлі екінші деңгейлі банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болып хабарласуы мүмкін. Қай жерден қоңырау түспесін тұтқаны көтергенде «иә» немесе «мақұл» деген сөзді айтушы болмаңыздар. Ең алдымен қоңырау соққан адамды тыңдап, содан кейін жауап беру керек немесе мүлдем тіл қатпай тұтқаны қоюға кеңес береміз. Алаяқтықтың тағы бір түрі банк карталары арқылы жүзеге асырылады. Айталық, қолма-қол ақшаны шешіп алатын тұста банкоматқа құпиясөзді теріп жатқанда пернетақтайы дірілдейтін болса, міндетті түрде операцияны тоқтатыңыз. Себебі, сіздің картаңызға скрин жасалып жатыр. Сондықтан, банкоматтан ақша шешіп алар кезде айналаңыздағы адамдар мен бейнебақылау камераның бар екеніне көз жеткізіңіздер. Ешқашан бейтаныс адамнан ақшаны шешіп беруі үшін көмек сұрамаңыздар, — деді мамандар.
Шымкент қаласында полиция департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді. Осы шара аясында криминалдық полиция бөлімдерінің жедел уәкілдері қаладағы 100 жалпы білім беретін […]
Шымкент қаласында тамыз айынан бастап қолданысқа енгізілетін қоғамдық көлікте жүру үшін төлем карталары төрт түрлі болмақ. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов мәлімдеді. Ал […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат ретінде қабылданды. Мемлекет басшысы өз үндеуінде еліміздің экономикасын әртараптандыру, инновациялық технологияларды енгізу және стратегиялық салаларды дамытудың нақты жолдарын […]
Пікір қалдыру