СЕНБІЛІКТЕ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент — жасыл желекті қала. Қаланың көркіне көрік қосу үшін тындырымды жұмыстар көптеп қолға алынуда. Сондықтан, бұл игілікті шараға барша қала тұрғындары атсалысуы тиіс.
«Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке 83 мыңнан астам адам қатысты. Тазалық шаралары барысында 68 техниканың көмегімен 563 текше метр қоқыс шығарылды.
Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ерікті жастар, қоғам белсенділері қала аумағын тазартуға, көгалдандыруға атсалысты.
Сенбілік барысында Тұран ауданындағы Малқаров көшесіне 250 дана қырым қарағайы және өзге де ағаш түрлері отырғызылып, аталған аумақ жасыл желекке оранды. Тұрғындар ағаштарды әктеу, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын орталық көшелерде, көпқабатты үйлердің аулаларында жалғастырды.
Бүгінде аудан елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық іс — шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы жоспарға сәйкес, әр аптаның сенбі күні барлық мекеме, бөлім қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары өткізілуде. Сондай-ақ сенбілікте әрбір ұжым біркісідей жұмылып, белсене атсалысып келеді.
Сенбілік – қоршаған ортаны қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс. Қаламызды көгалдандыру, таза қалаға айналдыру – қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлының  басты назарында.  Туған жерді және оның табиғатын қадірлеу — азаматтық парызымыз десек, өзіміз тұратын ауламызға тал егіп, туып-өскен аймағымызды көгалдандыру өмір салтына айналуы тиіс
Сенбілік шараларын жүргізу ұжымды біріктіріп, әріптестерді табиғат пен қоршаған ортаны сүюге баулиды, сонымен қатар, жағымды және жақсы естеліктер қалдырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*