Қала әкімінің ай сайынғы азаматтарды жеке қабылдауларында және аудандарды аралау барысында түскен тұғындардың өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінде тұрғындардың ұсыныс пікіріне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
Сондай өтініштердің бірі бойынша тұрғындардың талап-тілегі бақылауға алынып, М.Мәметова атындағы №35 орта мектептің тұсындағы Қазыбек би көшесінің бойына жасанды жол кедергісі орнатылды. Бұл кедергі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін өте маңызды.
Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қ.Бақбаев көшесі мен Ташкент көшесінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы сызылса, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында орын алатын көлік кептелісін айналып өту мақсатында ақпараттық белгі орнатылды. Ал, Қабанбай батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жол жабындысы төселген соң толығымен қайта жол белгілері сызылды.
Жалпы, жыл соңына дейін елдімекендегі 4,6 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Набережная көшесінің тұйықтарын орташа жөндеуден өткізу 2025 жылға жоспарлануда. Қаратөбе тұрғын алабының жалпы аумағы 22,7 шақырымды құрайды, оның 20,6 шақырымы асфальт жол. Қала басшылығы 1,2 шақырымдық Домбыралы көшесінің жол құрылыс жұмыстарын қадағалады. Жалпы, биыл бұл аумақта 3 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Құрылыс енді Гүлабад, Бахриз Рамиз, Қапал батыр №1, 2, 3, 4 көшелерге, және тұйықтарға жүргізіледі. Ал Ризақ палуан, Жаңақұрылыс көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда. Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды үлестіре отырып, нысандарды мерзімінде қолданысқа беруде нақты тапсырмалар жүктеді.
«ЖОЛ КАРТАСЫМЕН» ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА 3 198 АДАМ ТАРТЫЛАДЫ Шымкент қаласында жол құрылысына Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 3 198 адам жұмылдырылмақ. Жол саласындағы жұмыстар негізінен қайта құрылымдау мен жөндеу болып бөлінеді. Биыл Шымкент қаласында 10 […]
Шымкентте 245 көшедегі қалаішілік жолдардың құрылысы қызу жүріп жатыр. Еліміздегі үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласының жолдарын жөндеуге биыл 27 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл — бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш екенін айта кету керек. Қазіргі […]
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Шардара ауданында ұзындығы 131 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар 5 жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 41 шақырымы күрделі, 90 шақырымы орташа жөндеуден өтуде. Жыл […]
Пікір қалдыру