ШАҺАРДЫҢ ШЫРАЙЫН АШАТЫН ХОНГРЕСС-ХОЛ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙТЫН КҮН ЖАҚЫН

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Шымсити шағынауданынында бой көтерген Конгрес-холл ғимаратын аралап, атқарылған жұмыстармен танысты.
Қазір мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанның персоналды басқару жүйесіне мамандар оқытылуда.
Заманауи талапқа сай жабдықталған ғимаратта халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда.
Жобаға сәйкес бірінші блокта мәдени іс шараларға арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2 066 орындық көрермен залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз залы, техникалық бөлмелер бар. Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, шеберхана қарастырылған.
Қала әкімі жауаптыларға озық үлгіде жабдықталған жаңа нысанның мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырма берді.
Конгрес-холл өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Шымкенттегі жаңа конгресс-холл 5,24 гектар алқапты алып жатыр. Өткен жылы басталған құрылысы 2023 жылы аяқталады деп күтілуде. Ғимарат үш қабатты болады. Онда 2 066 орынға арналған, 5 блоктан тұратын үлкен зал болады. Конгресс-холда, оған қосымша, 80 адамға лайықталған, салтанатты рәсімдерге арналған зал мен 40 орынды баспасөз орталығы да жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, ғимараттың жобасында қызметкерлер мен келушілерге арналған асхана мен кең автотұрақ қарастырылған.
Бір бұл конгресс-холл ғана емес, қалада көптеген құрылыс жүріп жатыр. Тіпті, республикалық мәртебеге ие болғалы бері
Шымкентті алып құрылыс алаңына айналды деуге болады.  Биыл мәдениет саласында да 3 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ең ауқымдысы ретінде жоғарыда біз әңгімелеген Шымкент сити шағын ауданында салынып жатқан конгресс-холл ғимаратын айтуға болады.
Конгресс холл – халықаралық конференциялар, фестивальдер, концерттік бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілетін көпфункционалды орталық болады.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында Шымкент қаласының 2023 жылға дейінгі кешендік даму жоспарына енгізіліп, республикалық және жергіліктен бюджеттен қаржыландырылған. Орталықтың құрылысы 2021 жылдың тамыз айында басталған.

Қазіргі таңда құрылыстың 70%-ы аяқталған. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 1241 мәдениет обьектілерін жөндеу жоспарланып отыр. Ал, 2023 жылға 9 мәдениет объектілерін жөндеу жоспарланған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*