СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Тілсіз жаудың алдын алған жөн.  Айтпай келген апаттан табиғат та, адам да, мемлекет те қаншама зардап шегері сөзсіз. Осыған байланысты қаламыздың әр ауданында өрт болған жағдайда қалай алдын алу керек екендігін, адам өзін өзі қалай құтқару керек екендігін түсіндіретін оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы мен Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «Alan» мектебінің мұғалімдеріне сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығуы жиыны өтті.
Мақсаты-Төтенше жағдай туындаған кезеңдегі алғашқы көмек көрсете білу мен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ақпараттандыру. Сондай-ақ,  жеке құрамының өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу болып табылады.
Жиында тиісті сала жетекшілеріне штабтық машықтануды жүргізу кезінде атқарылатын жұмыстар бойынша міндеттер белгіленіп берілді.
Жиын барысында оқу-жаттығу дабылына байланысты арнайы өрт қауіпсіздігі бойынша ережелерімен таныстырып, төтенше жағдай орын алғанда қауіпсіз аймаққа қалай шығу қажеттігін көрсетті. Сонымен қатар, өрт сөндіру құралын қалай дұрыс пайдалану қажеттігін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;

Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;

Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;

Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*