СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ КӨБЕЮІ — ДЕНІ САУ ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Әл-Фараби ауданы аумағындағы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және балалардың салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай қарастырылған.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылды.
Атап айтқанда, Б.Момышұлы даңғылы №5 және №8А, Т.Айбергенов көшесі №5Б,5В, №1А,1Б,1Г және №1,5,5А, Д.Қонаев көшесі №13 – Ғ.Иляев көшесі №37, Рашидов көшесі №25А, Қабанбай батыр даңғылы №2,2А,2Б және №13, Есіл көшесі №5 және №6, Володарский көшесі №2А,2Б,2В және тағы басқа үйлердің аулалары абаттандырылды.
Аудан аумағында 108 ашық спорт алаңшасы бар. 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2 ашық спорт алаңша салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Сәуле шағынауданы атауы жоқ №3 көшеге және Жангелдин көшесі №14 үй ауласына ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 41 ашық спорт алаңшасын салынып, халық игілігіне берілді.
Шаһарда көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған. Жалпы бұқаралық спортқа қолжетімділік ауладан басталады. Бұл орайда ойын алаңшалары мен спорт алаңдарын салуда тұрғындардың ұсыныстарымен, талап-тілектерімен іске асатын «Халық қатысатын бюджет» жобасының берері мол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*