2023 жылы 41 балалар және 12 спорт алаңшасын салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, бүгінде 34 балалар және 7 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қалған орындарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы 22 орынға ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2023 жылы 17 орынға 15,1 шақырымды ирригациялық арық жүйелерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды.
2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда, 64 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
2024 жылы жалпы 87 көшеге 48,8 км.асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 30 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Ал, 18 көше тұрғындар тарапынан жарықтандырылып, Шымкент қаласының энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өткен.
2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.
Елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша бүгінде Тұран ш/а құрылыс жұмыстары аяқталып абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бүгінде ауданда табиғи газбен қамту көрсеткіші — 96% құрайды. 2025 жылға дейін елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Халық қатысатын бюджет шеңберінде 2023 жылы 92 жобаны жүзеге асыру жопарланған. Бүгінде 92 жобадан 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 52 жобаның құрылыс жұмысы аяқталды.
«2023 жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылатын болады», — деді Р.Мүлкеманов.
Сонымен қатар, 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағын (1200 абонент) электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілерімен трансформаторлар алмастырылуда.
Пікір қалдыру