Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаны белгілі. Мемлекет басшысы су тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жолдарды ретке келтіру туралы тапсырма берді.
Негізгі мақсат — халық арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштік, туған жерге және қоршаған ортаға деген жанашырлық пен құндылықтарын дәріптеу. Оның аясында қыстан кейін елдімекендерді тазарту және абаттандыру жұмыстарына азаматтарды кеңінен тарту, осы іс-шараларға жастардың, еріктілердің әлеуетін жұмылдыру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда, еліміз бойынша аталған акция өз жалғасын табуда.
Республикалық деңгейде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы ауқымын Шымкент қаласынан аңғаруға болады. Себебі, акция тек қаланың үлкен көшелері мен шағын ауданның орталықтарында емес, әр көшеде, әр аулада өтіп жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы көпшілікке экологиялық білім берумен қатар, өскелең ұрпақтың табиғатты аялауына тәрбиелейді.
Аудан аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Нұртас шағынауданындағы Гүлдала көшесінде жүргізілген тазалық жұмыстарына 200-ге жуық адам қатысты. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылды, көгалдар қырқылып, жасыл желек қалпына келтірілді.
«Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы, осы мақсатты көздейді. Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – баршамыздың азаматтық борышымыз. Жалпы, тазалық өзімізден басталады, – дейді Нұртас шағынауданы тұрғыны Есілбек Серікбаев.
Тазалық акциясына қалалық “Amanat” партиясы қызметкерлері, “Жастар рухы” жастар қанаты мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және аудан әкімі аппараты қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.
Санитарлық шараларға 9 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде көлемі 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы аумағында 5 негізгі бағыт бойынша 22 рет тазалық жұмыстары (сенбіліктер) ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Өңір тұрғындары айналаны тазалау жұмыстарымен тұрақты айналысты. Туған жерін құрметтейтін патриот азаматтар бұл шарамен шектеліп қалған жоқ. Аудан аймағында да, қаланың барлық жерінде қолына тырма, күрегін алған тұрғындардың тірлігіне қарап сүйсіндік. Жасына, дәрежесіне қарамастан, әр мекеменің қызметкерлері жаппай аймақтың ажарын ашуға қызу атсалысты. Жер-ана ақ көрпесін оранғанша, оны күл-қоқыстан тазалау – әр адамның міндетіне айналғандығын сезіндік. Тазалық табалдырықтан басталады. Осы қағиданы берік ұстанған жерлестеріміз тазалық жұмыстарын жалғастыра бермек.
Қаратау ауданында халықтың 98 пайызы ауыз су, электр жарығымен қамтылса, табиғи газ 96-пайызына қол жетімді. Бұл жайлы аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов хабарлады. «Сайрам, Қызылсу, тұрғын алаптарында, Бозарық саяжайындағы жаңа құрылыс аумағында ауыз су тарту жұмыстары […]
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, […]
Қаратау ауданындағы елдімекендер 96 %-ға табиғи газбен қамтылатын болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте аудан әкімі Рахымберді Жанысбекұлы айтты. Елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша бүгінде Тұран ш/а құрылыс жұмыстары аяқталып абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. […]
Пікір қалдыру