Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, округ тұрғындары қатысты.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бөлінген секторларда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөптер шабылды. Арық-атыздар тазаланып, қураған ағаштар қырқылды.
Айта кетейік, аудан әкімінің тапсырмасымен өткен тазалық жұмыстарына 500-ге тарта жетісайлық пен 10 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде «Таза Қазақстан жобасы іске қосылды. Акцияның мақсаты – табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту. Бұл ретте еліміздің түкпір-түкпірінде еңбектеген баладан, еңкейген қарттарға дейін тазалыққа өз үлестерін […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан аумағындағы заңсыз адам тасымалымен айналысатын автобекеттер мен жеке такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату, […]
Өздеріңізге жақсы мәлім, 2024 жылдың 2-ші қыркүйегі күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының басты тоғыз бағытын атап өтті. Төртінші бағыты инфрақұрылымға […]
Пікір қалдыру