Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Азаматтар толғандырған сауалдарын жолдап, мегаполисті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Тассай, Сайрам және Қызылсу шағынаудандарының тұрғындары жолдарды асфальттеу, кеңейту, көше атауын беру, қоғамдық көліктерге, жер қатынастарына, балалар алаңдарын салу мен бейнебақылау камераларын орнатуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Қала әкімі мен сала басшылары барлық сұрақтарға жауап беріп, азаматтар қозғаған бірқатар мәселені шұғыл шешіп, қосымша уақытты қажет ететін мәселелер қала әкімінің жеке бақылауына алынды.
Сонымен қатар, көшпелі кездесу барысында Ғабит Сыздықбеков Ю. Сареми көшесіндегі жол құрылысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдеріне сапаға ерекше назар аудара отырып, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Онымен қоса Сайрам тұрғын алабының ішкі орам көшелерінің жағдайын тексерді. Салалық басқарма басшылығына орталық көшелерді асфальттеу, сондай-ақ келесі жылға арналған жоспарға жергілікті көшелерді қосуды тапсырды.
Мегаполис басшысы Таскен шағынауданы тұрғындарының өтініштерін де назарға алды. Кездесу барысында көшелерді абаттандыру және жарықтандыру, кәріз жүйесін жүргізу және қоғамдық көлік бағыттарын ұзарту мәселелері талқыланды.
Қала басшысы көшпелі кездесу соңында жауаптыларға азаматтармен кері байланысты күшейтіп, мәселелерді шешуде нақты тапсырмалар берді.
Шымкент қалалық Перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды. Енді емдеу орталығының дәрігерлері тумасынан ауыр дертке шалдыққан науқастарға перзентхана ішінде шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады. Неонаталды хирургия ашылғалы бері орталық дәрігерлері жеті сәбиге ота жасап, ажалдан арашалап […]
Соңғы уақытта қалада үйлену тойлары мен басқа да мерекелік шаралар кезінде тұрғындардың шағымы жиілеп отыр. Түнгі уақытта от шашу ату, көлік сигналдарын қосу, қатты әуен ойнау және айқай-шу жасау қала тұрғындарының тыныштығын бұзуда. Шымкент қаласы […]
Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбков, тұрғындармен кездесу барысында хабарлады. Ғабит Әбдімажитұлының сөзіне сенсек, мұндай жәшіктер дамыған кәрі құрлықтағы елдер мен Елордамызда бар екен. Енді оны үшінші мегаполисте де салуды көздеп отыр. «Қалада Еуропа […]
Пікір қалдыру