ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА ЖАҒАЖАЙ ТУРИЗМІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОЗҒАЛДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудан пркурорының орынбасары Ж.Азимханов, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы С.Оразымбетов, Төтенше жағжайлар бөлімінің бастығы Қ.Сартбаев,
«Қазсушар» мекемесінің өкілі Е.Иса,Орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Д.Сартбаев және кәсіпкерлердің қатысуымен мәжіліс өтті.
Жиында шомылу маусымында кәсіпкерлердің келуші туристерге дұрыс жағдай жасау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жағажайларға әжетханалар салу,туристердің қауіпсіздігі сақтау, санитарлық нормаларды сақтау және басқа да заңдылықтар бойынша сөз қозғалып, пікірлер алмасылды.
Б.Шомпиев туризмді дамытудың ең басты шарты келушілерге қолайлы,таза,қауіпсіз орта қалыптастыру екендігі атап өтіп,кәсіпкерлерге осы бағыттағы жұмыстарды қолға алу керектігін жеткізді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*