Бұл жайлы аудан халқымен кездесуде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты.
Бізге аудан әкімі Арман Сәбитовтың мұндай олқылыққа қалай жол бергені белгісіз және түсініксіз. Неге десеңіз, өңірдің аудандары қаражатқа мұқтаж. Бұған дейін өзге аймақтарда өткен есептік кездесулерде игерілмей қалған ақша жайлы сөз болған жоқ. Керісінше, көп аудан қосымша қаржыландыруға мұқтаж.
Өзі экономист Сайрамның әкімі Арман Сәбитовтың аудан бюджетіндегі азынаулақ қаражатын игере алмауын, жұмысына салғырт қарауы деп бағалауға болатындай.
Естеріңізге сала кетейік, Арман Сәбитұлының білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор. Яғни, экономикадан ғылыми атағы бар…
Пікір қалдыру