Ордабасы ауданы Түркістан облысында индустриялды аймақты сәтті жүзеге асырып жатқан аймақтардың бірі. Мұнда бүгінде көлемі жүз екіде бес гектарды құрайтын индустриялды аймақ құрылған. Онда он өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Бұл жайлаудн әкімі Азат Оралбаев мәлімдеді.
«Қазіргі таңда, ауданымыздың өндірістік-кәсіпорнын ашу бағытында құрылған индустриялды аймақтағы он кәсіпорында тоғыз жүз он азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобалардың жалпы құны жиырма жеті миллиард, тоғыз жүз миллион теңгені құрайды. Биыл жыл соңына дейін тағы екі кәсіпорын іске қосылатын болады. Тағы үш жобаны келер жылы іске қосуды көздеп отырмыз»,- дейді Азат Оралбаев.
Жалпы осы мақсатта Орабасыға биылғы жылы қырық екі миллиардтан астам қаржы инвестиция тарту жоспарланған. Өткен жарты жылдықта он алты миллиардтан астам қаржы бағытталған. Айта кету керек, бұл өсім он төртте, төрт пайызды құраған. Оның ішінде үш ірі жоба жүзеге асқан. Құны 4 миллиардтан асатын үш ірі жоба жүзеге асып, онда жүз отыз үш жұмыс орны ашылған.
Бұл жұмыстар өз кезегінде аудан экономикасына оң ықпал етері анық. Бүгінде Ордабасының экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты. Ауданның жалпы өнім көлемі алты айда елу миллиардқа жуықтаған. Бұ көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 1 миллиардтан асқан. Ал жан асына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлеміүш жүз сексен үш мыңды құрап отыр. Сондай-ақ, бюджет саласында да жұмстар жүйлеі жүргізіліп жатыр. Осының арқасында қазынаның кіріс бөлшегі артқан. Мәсен, биылғы жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі бір жарым миллиардқа жуық қаржыға толысқан. Жалпы бюджеттік кірістер он алты жарым миллиардты құрап, жалпы өзіндік кірістер 5 жарым миллиардқа жуықтап, пайызға шаққанда 38 пайызға артқан.Сонымен ағымдағы жылдың алты айымен кірістер жүз алты пайызға өскенін айта кету керек. Яғни, соңғы екі жылда Ордабасы ауданы бюджетінің өзінді кіріс бөлігі алты жарым пайыздан отыз сегіз пайызға артқан.
Пікір қалдыру