Жетісай ауданындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйлерінде болып, жұмыс барысымен танысты.
Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекеніндегі 1986 жылы қолданысқа берілгелі жөндеу көрмеген мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. 2679,1 шаршы метр аумаққа жүргізілуі тиіс жөндеу жұмыстарының жалпы құны 691 млн 445 мың теңгені құрайды.
Келесі жылы қолданысқа берілетін мәдениет үйінде ауылдық кітапхана, спорттың волейбол, футбол және шахмат, ән, күй, би үйірмелері жұмыс істейтін болады. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме «Намыс» ЖШС қызметкерлері кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарға жалпы саны 23 адам жұмылдырылғанын айтады.
Сонымен қатар, аудан басшысы Жаңа ауыл ауылдық округі, Мырзашөл елді мекенінде орналасқан мәдениет үйінде де болды. Соңғы 10 жылда қолданыстан шығып қалған мәдениет ошағына облыстық қазынадан 236 млн 223 мың теңге қаралды. Жалпы 732,4 шаршы метр аумақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 45 жылдан бері алғаш рет жүргізілген жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталып, қолданысқа тапсырылады деп жоспарлануда.
Аудан басшысы мердігер мекеме «РемСтрой» ЖШС өкілдерімен кездесу барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиевке жұмыстың сапасы мен жүргізілу кестесін қатаң бақылауды тапсырды.
Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетіп келе жатқан 11 мәдениет үйінің 1-і аудандық, 7-і ауылдық мәдениет үйлері болса, 3-і ауылдық мәдениет клубтары болып табылады.
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қоғалы елдімекенінің тұрғындары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне белсеніп көмектесіп жүр. Аталған ауылда 186 үй орналасқан. Мұнда 1400 тұрғын бар. Көршілес Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдар жайындағы хабарлардан кейін Қоғалының көп […]
Өңірде жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар білім ошақтарында, сонымен қатар бірқатар денсаулық нысандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Күрделі және […]
Түркістан облысында жалпы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4152,34 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жолдың 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілуде. Өзге 434 шақырым жол таулы аймақтарда қар қатты басып қалу қаупі […]
Пікір қалдыру