Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. мұндағы басты мақсат — қошаған ортаны қүл-қосыстан аман сақтап, жасыл желекпен абаттандыру. Ауқымды жобаны жүзеге асыруда Түркістан облысының трғындары мен жұмысшылары білек сыбана кірісіп кетті.
Алдағы уақытта «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» АҚ арқылы Түркістан облысы аймағында орналасқан ақылы автожолдардың бақылау бекеттерінен өткен автокөлік иелеріне «Құрметті жол жүргізуші, тазалық сақтап, жол бойында қоқыс тастамауларыңызды сұраймыз! Бұл – біздің Қазақстан, бұл – Таза Қазақстан!» мәтінді SMS-хабарламаларды жіберу жоспарлануда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы бастау алды. Бұл өз кезегінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы болып табылады.
Байқау екі кезеңнен тұрады: 1-кезең – аудандық, яғни облыстағы 15 аудан, қалада байқаудың аудандық кезеңін өткізу үшін арнайы комиссиялар құрылып, 1 қыркүйекке дейін құжаттар қабылданады. Жеңімпаз ауылдар облыстық комиссияға ұсынылып, 1 қарашаға дейін «Үлгілі ауыл» жеңімпазы анықталады. Экологиялық акцияны табысты жүзеге асырған ауылдар арасынан жеңіп шыққан жүлдегерге бір әлеуметтік нысан салынады. Бірегей жоба «TurkistanTV» телернасы эфирінде «Үлгілі аула» тележобасы арқылы насихатталуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар бір реттік акция емес, елімізді көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы тұрақты түрде іске асырылатын жұмыстар болып жалғасын табатын болады.
Тазалық — денсаулықтың кепілі екенін ескерсек, әрбір ел азаматы өз айналасын тазаласа, ел таза, жеріміз көркейе түседі.
Житель города Арыс Балнур Торехан обучалась на краткосрочном профессиональном обучении и освоила профессию швея. Затем она выиграла безвозмедный государственный грант на сумму 505 тысяч тенге и открыла мини-швейный цех. Приобрела специальную швейную машинку и […]
Кентау қаласында тұрғын-үй құрылысы жұмыстары жүрдек жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ел игілігіне тапсырылған әлеуметтік нысандардың саны да көбейіп келеді. Қалалық экономикалық бөлімінің мәліметінше жыл басынан бері халық қажетіне жарайтын нысандар пайдалануға беріліп, Кентаудың ажары ашылып […]
Биыл Түркістан облысында жалпы 1 100,3 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 546,6 шақырымы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде, Кентау қаласына қарасты 14,5 шақырымнан астам 22 көше бар. Бүгінде «Ауыл- ел бесігі» […]
Пікір қалдыру