Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған. Атадан қалған жерімізді таза ұстап, бабалардың мұрасына шаң жуытпауды мақсат тұтқан тұрғындар белгіленіп берген жерлерді қалдықтар мен қоқыстардан тазартты.
Жастар «Taza Alem» ұлттық жобасы бойынша «Қоршаған ортаны таза ұстау — әрбір азаматтың борышы» тақырыбы аясында жазғы шомылу маусымдағы өзен, көл маңдарын тазалауда.
Облысқа қарасты аудан, қалаларда «Таза Жағажай», «Өз өмірің — өз қолыңда» тақырыбы аясында, шомылу маусымындағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатындағы үнпарақшалар таратылуда. «Эко волонтер» атты ерікті жастар киелі өлкелер мен өзен, тауларда қоқыс іздеу сайысы өтті.
Акцияға атсалысып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық 11 этно мәдени бірлестіктер мүшелері әр сенбі күні аумақтық сенбіліктерге белсене қатысып келеді.
Этностар көп орналасқан Сайрам, Сауран, Жетісай, Мақтарал, Келес,Төлеби аудандарында Ассамблея жастары «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында плогинг сайыстары арқылы айналаны тазарту акцияларын дәстүрлі түрде өткізуде. Сайрам ауданында «Қоқыстан құнды заттар жасау идеялары» жүзеге асырылуда.
«Generation» қоғамдық бірлестігі Сайрам ауданындағы білім беру ұйымдарымен бірлескен 36 экологиялық акция өткізді. Аталған акция бойынша 15 тоннаға жуық қайталама шикізат сатып алынып, қайта өңдеуге жіберілді. Бұл ретте, қоқысты арнайы жерге апарудың қажеті жоқ, бұл өз кезегінде оны апаратын жол мен жергілікті аймақтарды таза ұстауға өз септігін тигізуде.
Топырақ суларын қорғау және жердің тозуымен күресу мақсатында Төлеби ауданы, Ленгір қаласында орналасқан мүгедек балалардың мектеп-интернаты үшін экосантуалет құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Облыста экологиялық бағытта 4 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. «Өгем» қоғамдық бірлестігін тарапынан табиғи аймақты сақтап қалу мақсатында экоагротуризмді дамыту бойынша жаңа жоба іске асуда. Аталған жоба өңірге келген туристерге «жасыл» технологияларды күнделікті өмірге ендіру бойынша шебер-сыныптар көрсетіліп, демоучаскелерде 16 саяхат жүргізілді. Табиғи жолмен энергия көзін ашып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар шаралар атқарылды. «Өгем», «ЭКО-Атамекен» қоғамдық бірлестіктері Сайрам-Өгем, Қаратау қорықтарындағы табиғатты қорғау мақсатында 7 экоакция өткізіп, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлесі ерекше болды.
«Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысты. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған. Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды. Барлық байқаулар Turkistan_jastary […]
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация мүшелері Қытай еліне жұмыс сапарын Шаньдун провинциясының Цзинин қаласында жалғастырды. Сапар барысында сарымсақ өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы саналатын «Wanlin Group» компаниясының басшысымен маңызды кездесулер өтіп, […]
2025 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысында құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи «Ekin Patrol» жылжымалы автокешендері іске қосылды. Бұл – Түркістан облысы полиция департаментінің бастамасымен […]
Пікір қалдыру