Шардара қаласында саябақтар саны тағы біреуге артатын болды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бүгін тиісті сала мамандарымен бірге жаңа демалыс аймағына арналған жерді барып көрді. Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақта тұрғындардың жайлы демалып, көңілді сейіл-серуен жасауы үшін барлық жағдайлар жасалынатын болады.
Жалпы аумағы 4 гектарға жуықтайтын саябақтың қазығы келесі аптада қағылып, құрылыс жұмыстары басталмақ. Аудан басшысы Арман Романұлы жаңа нысанда жүргізілетін жұмыс жобасын тағы бір пысықтап, құрылыстың сапалы әрі уақтылы аяқталуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Жалпы Түркістан облысында Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ екені көптен бері айтылып келеді.Ата-бабаларымыз ежелден саят құрып, жүйрік жарыстырып, құсбегілікті жоғары бағалаған. Теңіздің қадірін білген. Осынау ізгі қасиеттерді жаңғыртатын іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын Шардараның жағалауы шетел туристерін қызықтыратын орынға айналуы тиіс және осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бір кездері мұзбалақ ақын Мұқағали жырлаған «Шалқадан жатқан Шардараның» бүгіндері тебіреніп, тербеліп, шабыттанып жатқан жайы бар.
Жағажайымен ғана емес, жаңа салынған саябақтарымен де көпшілікті таңғалдыратын болады. Тек туристтер ғана емес, өлкенің тұрғындарына таптырмас демалыс аймағы болады деп сенеміз.
Қазан айының екінші жексенбісі дүниежүзілік мүгедектер күніне орай, Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен. Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 18-жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар жандарға үйде әлеуметтік көмек […]
Ө Түркістан облысының Созақ, Төлеби, Бәйдібек, Сайрам, Ордабасы, Шардара аудандары мен Мақтаарал ауданы, Мырзакент елді мекенінінің және Леңгір қаласының провизорлық госпиталдерінен пневмонияға шалдыққан барлық науқастар жазылып шықты. Қазір аталған емдеу мекемелеріндегі провизорлық төсек-орындар бос тұр. […]
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының 21 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған. Жетісай аудандық орталық ауруханаға жүктілігіне қарай жағдайы күрт нашарлап жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне де қауіп төнгенін айтады. Дер […]
Пікір қалдыру