Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген «Суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту» тапсырмасы аясында Сауран ауданы аумағында суармалы алқаптарға су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Сауран ауданы бойынша 1119 гектар жерге су үнемдеу технологиялары орнатылды. Оның ішінде, тамшылатып суару – 165 гектар болса, жаңбырлатып суару – 994 гектарды құрап отыр. Тамшылатып суару әдісі арқылы ЖК «Датқа» Шетелдік Қытай компаниясымен 7 жылға келісімшарт түзіп, биылғы жылы 133 гектарға жерге мақта дақылын екті. Жыл соңына дейін 360 тонна өнім алу жоспарлануда. «Ақсақ керіз» шаруа қожалығы 25 гектар жерге бақша дақылын егіп, 875 тонна қарбыз алу көзделуде. «Өтеген» шаруа қожалығы 7 гектарға тамшылатып суару арқылы алма бауын егіп, жылына 37 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.
Жаңбырлатып суару бойынша – 994 гектар жерге мал азықтық дақылдары егілді. Жыл соңына дейін 5000 тонна мал азығын алу көзделуде. Қазіргі таңда, елімізде шаруаларға су үнемдейтін жүйелерді сатып алу және орнату үшін берілетін субсидия мөлшері бірден 30%-ға ұлғайтылып, 80%-ға дейін жетті. Бұл заманауи суару жүйелерін сатып алу, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге көмектеседі.
Осы орайда, агроқұрылымдар 1941 гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясын орнату бойынша «BNK IRRIGATION» ЖШС-мен «Ырыс» МҚҰ келісімшарт түзген болатын. Жыл соңына дейін агроқұрылымдар су үнемдеу технологияларын орнатылады.
Жаңа су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасында су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңды 750 мың га дейін жеткізу жөніндегі индикатор көзделгенін атап өтті.
Суарудың су үнемдеу технологияларын толық көлемде енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыра отырып, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Суармалы жерлер алаңын 2030 жылға дейін біртіндеп 3 млн га дейін жеткізу міндеті шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарының болжамды құрылымын әзірледі. Бұл құрылым облыстар әкімдіктеріне іске асыру үшін жолданды.
Бүгінгі таңда су үнемдеу технологиялары енгізілген аудандар көбеюде. Бұл өз кезегінде су мен қоректік заттарды нақты беру арқылы өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Жыл сайынғы өсімге инвестициялық субсидиялау ықпал етеді. Оның аясында фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ су алу және беру үшін барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Сауран ауданына барды. Ең алдымен ауданға қарасты Шорнақ елді мекеніндегі «Қамқорлық орталығына» барып, аудандық үкіметтік емес ұйымның жұмысымен танысты. Онда зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ауданды дамыту бағытында […]
Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Өңір басшысы ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жаңа өндірістік цех […]
Түркістан облысында медициналық нысандар санын көбейту, тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыстар жүруде. Аталған салаға жеке инвесторларды тарту да жолға қойылған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Әсет Ахметовпен кездесіп, […]
Пікір қалдыру