БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУШЫЛАР — ШАРДАРА БАЛЫҚ МЕКТЕБІНЕН ШЫҢДАЛА АЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған Жолдауында елімізде балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталып, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2030 жылға арналған бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырыла бастады.  Бағдарлама шеңберінде 2030 жылы  елімізде балық өсіру көлемін 270 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.

Түркістан облысында  балық өсіру, акваөсіру  саласын дамыту мақсатында алғаш рет «Шардара балық мектебі» ЖШС  осыдан 2 жыл бұрын өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде мектеп кәсіпкерлерді 70 пайыз тәжірибе жүзінде ал қалған 30 пайызы білімді мамандардың теория бойынша оқытып, білім беріп жатыр.  Мектепке келушіліердің тең жартысы еліміздің өзге өңірлерінен келген. Нақтылап айтқанда, Алматы, Ақтау, Атырау, Тараз және тағы да басқа өңірлерден келген. Қазірге таңда олар өз жеке шаруашылықтарын дамыту үшін қажетті білімді игеріп, кәсіптерінің жаңа бір деңгейге көтеруді көздейді.

Айта кетейік, балық өсірумен айналысқысы келетін азаматтар «Шардара балық мектебінде» тәжірибе алмасып, кооператив өкілдерімен серіктес бола алады. Түркістан облысындағы балық шаруашылығын үйрететін мектепке еліміздің түрлі аймақтарынан келетін кәсіпкерлердің қатары жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, былтыр ауданда орналасқан «Хамит» ауыл өндірістік коперативін 100-ге жуық кәсіпкер тәмамдаған болса, биыл 60 кәсіпкер білім алуда. Жалпы Шардара ауданы бойынша 33 балық өсіруші кәсіпкер тіркелген. Олар 951,35 тонна балық өсірген.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік 2021-2030 жылдарға арналған» арнайы бағдарламасы бекітілді. Яғни, 2030 жылға дейін, 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, балық өнімдері экспортының өсімін 2 есеге, яғни, 7 мың тоннаға, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 100%-ға дейін көтеру көзделіп отыр.

Балық өсірушілер су айдындары мен тоғандардың аймағынан шаруашылықтарды дамыту үшін жер телімдерін рәсімдеуді уақтылы, тез арада заңдастыру, балық шаруашылықтарының көлемі мен санының көбеюіне байланысты, акваөсіру бойынша кеткен шығындардың көлемін субсидиялауға қосымша қаржы бөлуді сұрап жүргенін де айта өтейік. Облыс әкімдігі тарапынан балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету және жаңадан балық шаруашылығын нысандарын ашу жоспарын орындау жүктелді.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітілген 91 су айдынын қайтадан талдап, зерделеуді тапсырып, экспортқа ден қоюды тапсырған. Ермек Кенжеханұлы осы бағытта жұмыстар атқарылуы керектігін айтып, жауапты мамандарға тапсырма берген-ді. Сондай-ақ балық шаруашылығы саласына инвестициялар тарту жұмысын күшейту қажет екені де үнемі назардан түскен емес.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*