Соңғы жылдары Түркістан облысында кәсіпкерлікке басымдық беріліп, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр.
Бұл орайда, заманауи, соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған жиһаз өндіруші «Asia Brand» кәсіпорыны ел экономикасының артуына елеулі үлесін қосуда.
Жиһаз өндіру бойынша нарықта 13 жылдан астам тәжірибесі бар «Asia Brand» ЖК жиһаз өндірісін бір қызметкермен бастаған.
Компанияның бас директоры Ұйғын Әбішевтің айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етеді. Облыс орталығында жылына Түркістан қаласының брендіне айналған ас үйге және жатын бөлмесінің жиһаздар мен шкафтың 22 мың данасы өндірілуде. Компания өз өнімін сату үшін Қазақстанның барлық ірі қалаларында 14 қойма ашса, бұдан бөлек Өзбекстан және Ресей мемлекеттеріне экспорттап жатыр.
Ұйымшыл ұжымда түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында еліміздің дамуы жолында аянбай тер төгіп жүр. Саланың сан қырлы ерекшелігін мінсіз меңгерген оларды өз кәсібінің шынайы майталмандары деуге болады.
Айта кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өткен салтанатты жиында «Asia Brand» кәсіпорыны Президенттің «Алтын сапа-2023» сыйлығына ие болды. Аталған кәсіпорын диплом, байқау эмблемасымен және жеңімпаздарды келесі кезең – ТМД-ның өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы байқауына қатысуын ынталандыру үшін 450 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақымен марапатталды.
Және де, Түркістан облысында тәулігіне 1200-ге жуық ірілі-ұсақты жиһаз жасайтын кәсіпорын бар. Олар мектеп, балабақша, жалпы түрлі кеңселер мен мекемелерге таралады.
Цех өз жұмысын 2013 жылы бастаған. Бүгінде айына 140 тонна пластик бөтелке мен оның қақпағын жинап, сұрыптайды. Қалдықтарды арнайы ұнтақпен жуып, аппарат арқылы майда қалыпқа келтіреді екен. Ал, дайын болған өнім Ресейге жөнелтіледі.
Биылдан бастап тұрақты жұмыс режиміне көшкен кәсіпорынның жобалық құны 3 млрд 100 миллион теңге. Оның 2 млрд 500 млн теңгесі – кәсіпкердің өз қаражаты. Бүгінде мұнда 100-ге жуық адам еңбек етуде. Олар тәулігіне 3 тоннаға жуық металды кәдеге жаратады.
Бүгінде Түркістан облысында жиһаздарға сұраныс артқан. Сарапшылар оның себебін өңірде көптеп салынып жатқан мектептермен байланыстырады. Мәселен, өткен жылы облыста 29 жайлы мектептің құрылысы басталған. Биыл тағы 34 білім ошағы бой көтермек. Солардың барлығынан жиһазға тапсырыс түседі деген сенімде.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып өңірдегі ахуалмен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге халыққа көмек көрсетіп жатқан бірнеше медициналық нысанды аралап, дәрігерлермен кездесті. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары алдымен […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен өңір басшысы осы бағытты дамыту бойынша […]
Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды. Мақсат — жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару. Түркістандықтардың ішінде солтүстік өңірде тұрақтап, жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да жетерлік. Солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік […]
Пікір қалдыру