Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Қазіргі уақытта қаладағы қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың ұзындығы 81 пайызды құрайды. Жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталып, асфальт жабындысы төселуде. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ, Байылдыр ауылдарында ұзындығы 14,6 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Нәтижесінде, жыл соңына дейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 87,3 пайызға жетеді деп күтілуде.
Аталған жұмыстардың сапасы қала әкімі Жандос Тасовтың жіті бақылауында. Қала басшысы құрылысы жүріп жатқан аймақтарды аралап, жұмыс барысын тексерді. Құрылысқа жауапты тұлғаларға жұмыс барысы назарда екенін ескертіп, сапасы мен мерзіміне аса мән беруді тапсырды.
Ал былтырғы жылы Кентау қаласында 688 млн. теңгеге 28 көшенің жолдары жөнделді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 11,5 шақырым 7 көше жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 15,1 шақырым 21 көшеге асфальт төсеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде жалпы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 80%- ға жетті. Жалпы қалада 374 шақырымды құрайтын 427 көше бар.
Сондай-ақ қаладағы Д.Қонаев даңғылындағы №10, 12, 14 және Төле би көшесіндегі №62, 66, 68, 70 көпқабатты үйлер ауласына 4500 м2 асфальт басу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аталған үй аулаларының жолына 4 автотұрақ және жаяу жүргіншілер жолына асфальт басу жұмыстары жүргізілуде.
Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округіндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындары өзеннің тасуы кезінде біршама қиындықтарға тап болған. Халықтың сұранысымен көпірдің құрылыс жұмыстары басталып, биыл ел игілігіне тапсырылып отыр. […]
В городе Туркестан открылась выставка – экспозиция этноаула. Этот проект стал органическим продолжением музейно-мемориального комплекса Х. А. Яссауи, который рассказывает об истории прошлых веков. Ведь здесь близко можно ознакомиться с традициями, обычаями и культурой […]
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Серікболсын Сандыбаев Қырғызстанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туристік кеңес отырысына қатысты. Кеңес барысында […]
Пікір қалдыру