Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Қазіргі уақытта қаладағы қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың ұзындығы 81 пайызды құрайды. Жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталып, асфальт жабындысы төселуде. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ, Байылдыр ауылдарында ұзындығы 14,6 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Нәтижесінде, жыл соңына дейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 87,3 пайызға жетеді деп күтілуде.
Аталған жұмыстардың сапасы қала әкімі Жандос Тасовтың жіті бақылауында. Қала басшысы құрылысы жүріп жатқан аймақтарды аралап, жұмыс барысын тексерді. Құрылысқа жауапты тұлғаларға жұмыс барысы назарда екенін ескертіп, сапасы мен мерзіміне аса мән беруді тапсырды.
Ал былтырғы жылы Кентау қаласында 688 млн. теңгеге 28 көшенің жолдары жөнделді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 11,5 шақырым 7 көше жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 15,1 шақырым 21 көшеге асфальт төсеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде жалпы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 80%- ға жетті. Жалпы қалада 374 шақырымды құрайтын 427 көше бар.
Сондай-ақ қаладағы Д.Қонаев даңғылындағы №10, 12, 14 және Төле би көшесіндегі №62, 66, 68, 70 көпқабатты үйлер ауласына 4500 м2 асфальт басу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аталған үй аулаларының жолына 4 автотұрақ және жаяу жүргіншілер жолына асфальт басу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мақта алқаптары мен мақта зауыттарында, мақта қабылдау пунктерінде болып, шаруалармен […]
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына бір жарым миллионнан астам құты дәрі келді. Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді. Олардың арасында «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 […]
Шардара ауданындағы Алатау батыр ауылы ең тұрғын саны көп елді мекен болып саналады. Ауылда ғұмыр кешетін он мыңға жуық халық негізінен ауылшаруашылығы жұмыстарымен шұғылданады. Өткен жылы осы елді мекенде «Шебер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тігін […]
Пікір қалдыру