Түркістан облысында құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандар көп. Солардың бірқатары — биыл құрылғанына 3 жыл толған Сауран ауданының орталығында. Бүгін облысқа арнайы сапармен келген Ұлттық экономика вице-министрі Шорнақтағы бірқатар құрылыс алаңында болды.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аумақтық органдар ғимаратының және ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жақында пайдалануға берілгелі отырған аудандық полиция бөлімінің ғимаратын аралап көрді.
Сауран ауданына Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков арнайы барып, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауданның әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүргізілуде.
Полиция бөлімінде ұлттық экономика вице-министрі аудан тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Аудан тұрғындары тарапынан аурухана, мәдениет сарайы, спорт кешені сынды ғимараттар салу туралы өтініштер айтылды. Вице-министр аталған нысандардың құжаттары толық рәсімделсе өз тарапынан қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Түркістан облысында медициналық нысандар санын көбейту, тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыстар жүруде. Аталған салаға жеке инвесторларды тарту да жолға қойылған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Әсет Ахметовпен кездесіп, […]
Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, […]
Түркістан облысында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалуында тұр. Бұл ретте Сауран ауданында да жұмыстар жүріп жатыр.Сауран ауданындағы Майдантал ауылдық округіне қарасты Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі 7 көшеге орташа жөндеу […]
Пікір қалдыру