Түркістан облысының тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облысқа қарасты Кентау қаласында балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алды. Ойын алаңшалары қаладағы Шүлембаев № 8, 10 және Т.Рысқұлов № 5, 7, 9, «Шахтерская» көшелерінің аумағына салынуда. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.
Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 120,7 млн теңгеге 2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балаларға арналған спорттық ойын алаңшалары орнатылады. Сонымен қатар, қала аумағында 9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт жабындысын төсеу және автотұрақтар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында демеушілер есебінен 2 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Жалпы, Кентау қаласында 56 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде, 33 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттантыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Аталған жұмыстардың сметалық құны – 2,8 млрд тенге. Республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, бірнеше қалаларындағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын […]
Бәйдібек ауданындағы пайдалы қазбаларды зерттеп, анықтап, соған сай жаңа өндіріс орындарын ашу керек. Бұл ретте, ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту маңызды. Бүгін Түркістан облсының әкімі Дархан Сатыбалдының Бәйдібек тұрғындарымен […]
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Гүлмира Сейілбекованың бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған. Көп балалы ана жылдар бойы 5 баласымен пәтер жалдап келген. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 30 жылдығына орай, […]
Пікір қалдыру