Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, бірнеше қалаларындағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсат.
Облыс делегациясының тағы бір маңызды кездесуі Суйчжоу қаласындағы инвесорлармен кездесуі. Ірі жобаларға келіссөздер жасалып, екі тараптардың ұтымды ұсыныстары тыңдалды.
Модификацияланған материалдары мен пестицидтік өнімдерді өндіру, зерттеу, әзірлеу және сату, жеңіл автомобильдерге арналған алюминий дискілерін шығару, медициналық материалдар, қуатты өнеркәсіптік лазерлер өндірісі, ауылшаруашылық өнімдері (Қытайдағы 500 үздік ауылшаруашылық кәсіпорындарының тізімінде), арнайы мақсаттағы көлік құралдары – қаланың экономикалық саласының негізі. Қытай машина жасау өнеркәсібі федерациясы және Хубэй провинциясының халық үкіметі Суйчжоу қаласына «Қытайдың арнайы мақсаттағы көліктерінің астанасы» атағын берген.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясы индустриалды паркті аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Тазалық жұмыстарына арналған электр машиналарының, арнайы техника жасайтын, тері өңдеу, тоқыма өгеркәсібіне негізделген, шатыр шығаратын бірқатар өндіріс орындарын аралады.
Қазіргі уақытта Түркістан облысында қолайлы инвестициялық ахуал құрылған. Өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары жалпы аумағы 540 гектарлық 10 индустриалды аймақ және жалпы аумағы 4000 гектар алаңды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Онда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскесі және дайын өндіріс алаңдары ұсынылады. Арнайы экономикалық аймақ өз қатысушыларына салықтардан, кедендік баждардан жеңілдіктер ұсынады. Сонымен қатар жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «шағын өнеркәсіптік парктер» салынуда. Аталаған өндірістік ғимараттар бизнес субъектілеріне жеңілдетілген шарттармен жалдау және сатып алу құқығымен беріледі.
Түркістан облысындағы негізгі инвестициялық аймақтары – индустриалды аймақтар мен оның қатысушыларына түрлі салық жеңілдіктерін беретін «Түркістан» арнайы экономикалық аймағы. Облыс ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жөнiнде республикада алдыңғы қатарда. Бүгінгі таңда өңірде жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу басым бағытқа ие. Сондай-ақ туризмді дамыту – облыс экономикасының негізгі басымдықтарының бірі. Мәселен, соңғы 3 жылда облыста туризмге құйылған инвестиция көлемі шамамен 600 миллион АҚШ долларын құрап, жыл сайын шет мемлекеттерден келіп жатқан туристер ағыны байқалады. Осыған орайда, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты екі елдің экономикалық байланыстарын дамытуға серпін беретін инвестицияларды өзара ұлғайту арқылы нығайту ұсынылады. Бұл ретте мемлекет басшыларының өзара мемлекеттік сапарлары және барлық деңгейдегі тұрақты байланыстар, екі елдің берік достығы мен мықты қарым-қатынасының жарқын үлгісі болып табылады,
Пікір қалдыру