Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы халықаралық әуежайды дамытудың жаңа жобаларын дайындауды тапсырды. Облыс орталығына қатынайтын бағыттарды көбейтіп, туризммен үйлестіруді міндеттеді. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңыздылығына тоқталды. Әуе жүк тасымалын ілгерілету – экспортты ұлғайтуға сеп. Әкім төрағалығымен өткен жиналыста Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, әлеуетін көтеру жолдары талқыланды.
Онда әуежайды дамыту, табысы мен жолаушылар ағынын арттыруға бағытталған жұмыстар сараланды. Облыс әкімі замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті әлі де толық қолданылмай отырғанын айтып, жауапты тұрғаларға тапсырма берді. Дамудың негізгі бағыттарының бірі – әуежай аумағында мульти-модальды логистикалық хаб құру.
– Өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына оң әсер ететін жүйелі жұмыс керек. Әуежай да жаһандану үрдісінен қалмауы тиіс. Қазір тауарды жедел жеткізу әлемдік тенденцияға айналды. Транзиттік дәлізді дамыту өзекті. Сондықтан өзге елдердің тәжірибесімен танысыңыздар. Саланы ілгерілету арқылы бизнесті өркендетуге болады. Шетелдің ірі әуе компанияларымен байланысты нығайту керек. Осыған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы әлі де әлсіз. Әуежай жұмысын туризм саласымен байланыстыра дамытқан жөн. Үндістан, Корея, Малайзия, Түркия, Ресей, Қытайға әуе рейстерін көбейтіп, саяхатшыларды тарту бағыты да ақсап тұр. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан қаласындағы халықаралық әуежай тәуелсіздік жылдарында жаңадан салынған еліміздегі алғашқы әуе айлағы. Стратегиялық маңызы бар нысан заманауи үлгідегі инновациялық және технологиялық талаптарға сай. Жылына 3 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады.
Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары шетелдік инвесторлармен кездесіп, әуежайды дамыту мәселесін талқыға салған еді.
Зұлпыхар Жолдасов Вьетнам елінің ірі инвесторларының бірі «Sovico Group» компаниясының басшысы Фам Нгок Сау мен орынбасары Ле Мин Туанмен кездесті.
Кездесу барысында әуежайды заман талабына сай жан-жақты дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылып, өңірдің туризм саласын өркендетуге байланысты идеялар талқыланды. Қос тарап әріптестікті нығайта түсуге уағдаласты.
Түркістанның туристік әлеуетін арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикасына оң әсерін тигізетін ұсыныстар мен бастамаларды, инвестициялық жобаларды талқылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Облыс аумағында жылдамдықты шектейтін 150 дана жол белгісі орнатылуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Одан бөлек «Жай жүріңіз!», «Жылдамдықты асырма!», «Үйде бала-шағаң күтіп отыр!» жазбалары бар 11 ескерту бильборды жаңартылды. Бүгін ҚР […]
Сарыағаш ауданының елді мекендерін дамытуға «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жартытөбе ауылдық округіндегі 11 көшенің 23,3 шақырымына, ал Қабланбек елді мекеніндегі 16 көшенің 18,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, аудан орталығы Сарыағаш қаласында ағымдағы […]
Түркістан облысында 15-тамыз бен 5-қазан аралығында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы шарасын жүргізуде. Бұл мақсатта аудан-қалаларда арнайы жұмысшы топтар құрылған. Олар тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы брифингте облыстық […]
Пікір қалдыру