Түркістан облысында 15-тамыз бен 5-қазан аралығында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы шарасын жүргізуде. Бұл мақсатта аудан-қалаларда арнайы жұмысшы топтар құрылған. Олар тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Педен мәлімдеді.
«2023-2024 жылғы жылыту маусымында облыс көлемінде 201 өрт тіркелді. Материалдық шығын — 286 млн. 577 мың теңгені құрады. Орын алған өрттің 53%-ы тұрғын үй секторында орын алып отыр. Өрттің басым бөлігі — электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу, оның ішінде электр сымдарының тозуы себебінен туындауда. Осы орайда басқарма тарапынан есепке алынған 26 380 тұрғын үй тексерілді. Өрт қауіпсіздігі айлығы соңына дейін тұрғын үйлер толық араланып, үгіт-насихат жұмыстары аясында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілетін болады. Одан бөлек, қызыл жалынның алдын алу мақсатында облыс аумағындағы билбордтарға арнайы бейнероликтер қойылды. Сонымен қатар, БАҚ арқылы да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»-деді спикер.
Егер өрт орын алса, онда бастапқы кезеңде оны сумен немесе дымқыл дастарқанмен, көрпемен, кез келген басқа тығыз синтетикалық емес материалмен жабу арқылы жоюға болады. Мүмкін болса, тиісті сыныптағы өрт сөндіргішті қолданыңыз. Бірақ жалын тараған кезде сіз «101» нөміріне тез қоңырау шалып, қауіпті аймақтан ең қысқа және қауіпсіз жолмен кетуіңіз керек. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті жауапсыздық, немқұрайлылық, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үлкен апатқа ұшыратып, орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін тағы да еске салады.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық пен синтетикалық есірткіге жол жоқ!» атты кең ауқымды профилактикалық бір айлық іс-шаралар легі бастау алды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жастарды есірткі мен психобелсенді заттардың зиянынан сақтау, салауатты өмір […]
Түркістанға Венгрия мемлекетінен делегация келді. Оларды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, келіссөз жүргізді. Әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді. – Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Алты […]
Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округіндегі Теспе елді мекенінде жаңа технологиямен қыш зауытының құрылысы жүргізілуде. Толық автоматтандырылған жаңа қондырғылар көмегімен құрылысы жүріп жатқан «Altyn land» өндіріс орны ауданда 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға қауқарлы. Жылына 90 […]
Пікір қалдыру