Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беріліп, осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты түрде Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарына төрағалық етіп, осы саладағы мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің инвесторларымен тұрақты түрде келіссөз жүруде. Нәтижесінде инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарынан табылып жүр.
Жыл басынан бері Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 420,8 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Оның ішінде, 344,3 млрд теңге немесе 80%-дан астамы – жеке инвестиция құрайды.
Өңір капиталына салынған инвестициялардың басым үлесі Түркістан қаласы (35,2%) және Созақ (15,4%), Сайрам (6%), Сарыағаш (5,5%) аудандарына тиесілі.
Пайдалану бағыты бойынша негізгі 29% үлесі өнеркәсіп арқылы үйлестірілген. Ол 123,9 млрд теңгені құрайды, Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіне 64,1 млрд теңге бағытталса, өңдеу өнеркәсібіне 25,3 млрд теңге тартылған. Ауыл шаруашылығының үлесі 28%-ды құрап, 116,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, егін шаруашылығы – 31 млрд теңге, ал мал шаруашылығы – 21,4 млрд теңге.
Бытыр 27 маусымда ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Өңірді дамыту үшін инвестиция тарту және жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық берілгенін атап өтті.
Облыстың инвестиция саласынан өскенін былтырғы жылдың көрсеткішінен байқауға болады. Яғни, 2023 жылдың алғашқы 5 айында 96, 1 млрд. теңге инвестиция тартып, өсім қарқыны бойынша республикада алдыңғы орында тұрған. Түркістан облысында 5 жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды.
Түркістан қаласы аумағында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында арнайы профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара — жол қозғалысы ережесін бұзған тұлғаларды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту арқылы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау […]
Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінің тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері үшін қуанышты жаңалық. Биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында кент аумағындағы 7 көше толығымен жөндеуден өтіп ел игілігіне пайдалануға берілсе, 8 көшеге ағымдағы және күрделі жөндеу […]
Түркістан облысы, Арыс қаласы орталығында орналасқан Әбдіразақов көшесінің №49 көпқабатты үй тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, өз аулаларына, кіреберістеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Тұрғындар бірлесіп үйдің кіреберістерін, есіктерін әсемдеп, сырлап, қабырғаларды әктеп, ауланы жасыл желекке толтырып, […]
Пікір қалдыру