Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану.
Отырар ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін былтыр 1,1 миллиард теңге бөлінген. Мақсат, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғандықтан қаржыландыру биылда жалғасын табады деген жоспар бар.
Ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 60 пайызға өсіп, 2023 жылы 80 млрд теңгеге жетті. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 34 млрд теңгеден асып, жоспар 5,7 млрд теңгеге артығымен орындалды. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі өткен жылы 41 млрд теңгені құрап, жоспар 1,7 млрд теңгеге артығымен орындалды.
Кездесуде тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Инфрақұрылым, жер, жайылым, газдандыру, ағын су және өзге де мәселелер көтерілді. Әрбір көтерілген мәселе хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жерді заңдастыру, білім саласы.денсаулық сақтау және басқа да түйткілдер тарқатылды. Қозғалған мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүреді.
Отырар ауданында 2024 жылы 6 шағын инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлынып отыр. Олар негізінен құрама жем шығару кәсіпорыны. Бүгінгі таңда жер телімі анықталып, құжаттары рәсімделген. Жоба аясында кәсіпкердің өз қаржы есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын ағымдағы жылдың тамыз айында іске асырылады деп жоспарланып отыр.
Сонымен бірге құрылысының жартысынан көбі аяқталған сауда орталығы да инвесторлар есебінен.
Жалпы құны 350 млн теңгені құрайтын мал бордақылау орыны да ашылатын болады.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов халықаралық спорт жарыстарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлерімен кездесті. Басқосуға самбодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Әбдісадық Халилаев, Бокстан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Алмас […]
В этом году в рамках государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Енбек» на 2017-2021 годы в Туркестанской области планируется привлечь 95 721 человек, в настоящее время приняли участие 44 677 человек. Для […]
Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұр. Осы ретте, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов спорт нысандарында […]
Пікір қалдыру