Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз су, жарық, газ, сапалы жолмен қамту мәселелері басты назарда. Осы орайда, Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ауданда соңғы 1 жылда атқарылған жұмыстарына оның ішінде, өзекті мәселелердің бірі болып саналатын табиғи газға арнайы тоқталды. Жалпы, аудан аумағында орналасқан 21 елді мекен яғни 29949 халық көгілдір отынмен қамтылса, ағымдағы жылы 21 нысанды оның ішінде (13 елді мекен, 1 мөлтек ауданына) газдандыру жұмыстары жүргізіледі. Оның 15-і өтпелі болса, 6-ы жаңадан басталды.
Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Жолғабас елді мекеніне табиғи газ берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов елді мекен тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, құттықтау тілегін білдірді.
Бүгінгі таңда ауылда 67 үй бар. Тұрғындар енді көмір тасып, күл шығармайтына қуанып, алғыстарын жеткізуде. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 14 елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 10 елді мекенді газбен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.
50 елді мекеннен тұратын Бәйдібек ауданы 42% табиғи газбен қамтылған. Ал халықтың 98 пайыздан астамы таза тіршілік нәріне қол жеткізіпті.
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Қала аумағын жарылғыш заттардан тазарту үшін, 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою бойынша жоспарлы залалсыздандыру жұмыстар жалғасуда. Ол үшін әскери бөлімнің техникалық аумағында арнайы орын […]
Түркістан облысының Полиция департаменті «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық іс-шара жоспары аясында есірткіге қарсы бағытталған кең көлемді акция өткізді. Аталған іс-шараға департамент қызметкерлерімен бірге Жастар ресурстық орталығының еріктілері мен басқа […]
Түркістан облысы Жетісай ауданында жылыту маусымына дайындық барысы пысықталып жатыр. Аудан аумағында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Мәселен, жылыту маусымында улы газбен уланудың орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, […]
Пікір қалдыру