ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қала аумағын жарылғыш заттардан тазарту үшін, 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою бойынша жоспарлы залалсыздандыру жұмыстар жалғасуда.
Ол үшін әскери бөлімнің техникалық аумағында арнайы орын дайындалған. Бұл арнайы орын бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтау ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, жарылғыш заттардың қалдықтарын ұшуын жоққа шығарады. Жарылғыш заттарды өртеу барысында пайда болған қауіптерді төмендетуге керекті шаралар мен арнайы құрылғылар қолданылуда. Жарылғыш заттарды өртеу кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ.
Жоспарға сәйкес жарылғыш заттарды жою жұмыстары дүйсенбі-жұма күндері аралығында, күнделікті сағат 9.00 мен 18.00 арасында болатынын хабарлаймыз.
Құрметті қала тұрғындары! Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында. Қауіпке негіз жоқ. Үрейге бой алдырмаңыздар! Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру