Түркістан облысы Созақ ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 15 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып, 8-нің құрылысы толық аяқталды. Нәтижесінде елдемекендердегі 4,5 шақырымнан астам көшеге асфальт, 1 шақырым жерге аяқжол төселіп, жарықшамдар орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, спорттық нысан бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Жалпы 15 жобаны жүзеге асыруға 291 039,9 мың теңге қаржы қаралса, бүгінге дейін оның 264 179,0 мың теңгесі немесе 90,7 пайызы орындалып отыр.
Іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар арқылы 83 жаңа жұмыс орнын ашу, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Нәтижесінде 83 жаңа жұмыс орны құрылып, 45 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 107,1 пайызға орындалды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрап отыр.
Айта кетейік, жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігерлер қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікір қалдыру