ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Отырар ауданында кәсіпкерлік саласы жанданып-ақ келеді. Оған 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында  атқарылған жұмыстардың барысына қарап-ақ көз жеткізуге болады.

Мәселен, 2024 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 37 миллиард теңге болып бекітілген екен. Орындалуы көңіл қуантады. Артығымен орындалан.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында аудан басшылығының мәліметінде жылдың алғашқы айларында 3 млрд-қа жуық инвестиция тартылған еді. Оның ішінде Республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджет есебінен де емес меншікті қаражаттың есебінен.

2024 жылы өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары – 22 миллиард 408 миллион 800 мың теңге (НКИ — 102,5%).

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға бағытталған  инвестициялар индикаторына қол жеткізу туралы жоспар да көп нәрседен хабардар етеді. Айталық, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібі көлемінің жылдық жоспары 1 миллиард 318 миллион 500 мың теңгені құрап отыр.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 3 айда орындалғаны: 256 миллион 010 мың теңге, НКИ — 112,4%. Былтырғы 3 айда орындалуы 235 миллион 228 мың теңге болатын, НКИ — 105,4%.

3 айдағы жоспар – 260 миллион 300 мың теңге. НКИ — 101,2%.

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі – 3 айда орындалғаны: 241 миллион 740 мың теңге, НКИ — 112,4%.

Ауданда ірі жоба — «Заречное» ҚРҚ БК АҚ уран өндіру бойынша жұмыс істейді. Кәсіпорын өз іші жобаларын асыру арқылы (автоматтандырылған құрал-жабдықтар, техникалар) ауданға жыл сайын ірі көлемде инвестиция тарту жұмыстарын жүргізеді. Биыл да Отырар ауданына инвестиция тарту мақсатында жұмыстар атқарылып, межеленген жоспар орындалады деп күтілуде.

2024 жылдың 3 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 6 268, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны — 6 120. Үлесі — 105,2%.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Отырар ауданының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіру көлемі IV тоқсан қорытындысына сәйкес, 58 миллиард 631 миллион теңгені (НКИ — 123,6%) құрады, яғни бұл дегеніңіз көрсеткіш 34 миллиард 431 миллион теңгеге артығымен орындалды. IV тоқсан жоспары 24 миллиард 200 миллион теңге болатын.

Шағын және орта кәсіпкерліктің ІV тоқсандағы статистикалық қорытындысы бойынша дамуының көрсеткіштерін (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда) кесте түрінде ұсынып отырмыз. Бөлшек сауда көлемі – 2024 жылдың 3 айы бойынша орындалуы – 752 миллион 190 мың теңге, НКИ — 100,6%. Облыс көлеміндегі үлес салмағы 1,3 пайызды құрады.

Көтерме сауда көлемі – 2024 жылдың 3 айы бойынша орындалуы – 268 миллион 353 мың теңге, НКИ — 100,2%. Облыс көлеміндегі үлес салмағы 1,0 пайызды құрады.

Отырар ауданындағы 2024 жылы микроқаржы ұйымдары арқылы жоспарланған және тартылған қаражат туралы мәлімет төмендегіше:

2024 жылы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы көктемгі дала жұмыстарына (егін шаруашылығы) шағын және орта бизнесті қолдау шараларына 118 жоба шеңберінде (шаруа қожалығы) 879 миллион 200 мың теңгеге құжат тапсырылды. Бүгінгі таңда микроқаржы ұйымы арқылы 64 шаруа қожалығы 393,4 миллион теңге несие алды.

Оның ішінде, 2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша:

«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы – 49 шаруа қожалығы 332,2 миллион теңгеге қаражат алды;

«Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы – 15 шаруа қожалығы 61 миллион 250 мың теңге қаржы алды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету туралы. Отырар ауданында «Turkestan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы 2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша, жобаларды сүйемелдеу және рұқсат құжаттарды рәсімдеу бағыттары бойынша 320 кәсіпкерге қызмет көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, заң шеңберінде қорғау, бизнеске кеңес алу, лизинг, қаржыландыру, бизнес бастау оқу семинарлары, бизнес жоба, жобаларды сүйемелдеу, рұқсат құжаттарды рәсімдеу, т.б. қызметтер көрсетілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*