Түркістан облысында денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға жауапты басшыларды жинап, құрылыс барысын пысықтады. Медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуда олқылыққа жол берілмеуі керек екенін айтты.
– Әрбір нысанның күрделі жөндеу жұмысы, құрылысы бақылауда тұр. Мердігерлермен дұрыс жұмыс жүргізіңіздер. Жауапты басқарма басшылары әрбір нысанның басы-қасында жүріп, жұмысты үйлестірсін. Нысандардың құрылысы, материалдары, сәулетіне мән берілсін. Жоспардан ауытқу болмасын. Кестеде қай уақытта беріледі, дәл сол уақытта тапсырылуы тиіс. Жұмысты ширату бағытында ұсыныс беріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте өңірде күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандардың қазіргі жай-күйі айтылды. 2024 жылға 7 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған. Бүгінгі таңда 3 нысан – Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасы, Созақ аудандық орталық ауруханасы, «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханаларының ЖСҚ-лары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Кентау қалалық орталық ауруханасына, Келес аудандық «Абай» ауруханасына және Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына қарасты «Боралдай» медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орын ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына мердігерлер анықталған. Жұмыстар басталған. Өңір басшысы осы нысандарға қатысты мәселелерді толық шешуді тапсырды.
Бүгінгі таңда облыстың ауылды елді мекендерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарына қажеттілікті жою бойынша 2 бағытта жұмыстар жүргзілуде. Олар: жекеменшік клиникасы бар ұйымға ауыл тұрғындарын тіркеу арқылы медициналық нысан салу және әлеуетті инвестор салған дайын ғимаратты сатып алу арқылы іске асыру. Осы 2 бағытта Денсаулық сақтау басқармасының дайын үлгілік жобаларын қолдану арқылы бірыңғай нысандар салынады деп жоспарланған.
Айта кетсек, өңірде Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым мен 130 жекеменшік мекеме бар. Медициналық мекемелерге барлығы 2 060 903 адам тіркелген болса, оларға 35 714 дәрігер қызмет көрсетеді.
Мақтаарал ауданындағы су шайған Өргебас ауылында алғашқы 66 үйдің іргетасы құйылып, 20 үйдің шатыры жабылып бітті. Сондай-ақ, 20 үйдің қабырғасы өріліп, бірінші жаппасын жабу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Өргебас ауылында 195 үй бар. Оның бүгінгі […]
Қазіргі таңда Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту шаралары қолға алынған. 2023 жылдың қорытындысымен облыстың даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер орындалды. Оның ішінде 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалымен […]
Түркістан облысында ауыз су саласына 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталды, қалған 34 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды, 9 елді […]
Пікір қалдыру