Алматы қаласында Most hub Almaty-ның ұйымдастыруымен «Qrltai hackathon startup weekend» іс-шарасы өтуде. Аталған жиынға Түркістан облысынан Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қатысып жатыр.
Үш күнге созылатын бұл жиынға еліміздің барлық аймағынан IT саласына қызығушылар келіп, жан-жақты идеялармен бөлісуде. Шара барысында жасанды интеллектінің тиімді тұстары түсіндіріліп, chatgpt бағдарламасының мүмкіндіктері айтылды.
Хакатон аясында:
– Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында туындайтын субъективті факторларды төмендету мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдананатын бағдарламалық шешім әзірлеу,
– Бейнебақылау камераларынан алынатын ақпараттарды ақылды шешімдер арқылы талдау жүргізуге (іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау, өрт шығу, су басу, қылмыстық мінез-қылықтарды, сипаттамалар арқылы жоғалған адам, заттарды анықтау) арналған бағдарлама жасау концептуалды жобалары әзірленді.
Аталған шешімдер алғаш болып пилоттық түрде Түркістан облысында сыналатын болады.
Түрлі бағытты қамтыған тәжірибе алмасу, креативті индустрияның да дамуын көрсетеді. Бүгінгі таңда кез келген саланың жаңа, озық деңгейге жетуіне ІТ мамандарының үлесі басым.
Креативті индустрия елімізде кенже дамыған салаға жатады. Сондықтан шығармашылық индустрияны дамыту — туризм саласын өркендетуге серпін береді.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Серікболсын Сандыбаев Қырғызстанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туристік кеңес отырысына қатысты. Кеңес барысында […]
Түркістан облысында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі секілді салаларды дамытуда бірлесе жұмыс жаусауға дайын. Жаңа зауыт, фабрикалардың іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа […]
Қазіргі өзекті,әрі қазіргі адам баласының ең маңызды нәрселерінің бірі-интернет. Бүкіл ғаламшардың көзі,бұл интернет желісі деп нақты айта аламын. Ойланып қарасақ,адам баласы бір мезетте интернетсіз жүре алмайды,бұл мүмкін емес,себебі интернет ғаламшардағы барлық нәрсенің көзі. Түркістан қаласының […]
Пікір қалдыру