Түркістан облысында мақта кластерін дамыту бағытында жұмыс жүріп жатыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы «Казтекс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауытын дамыту барысымен танысты. Аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталған. Түркиядан инвестиция тартылған.
Жобаның құны –1500,0 млн. тенге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өңдеу. Маусымдық кезеңдерде 150 адам жұмыспен қамтылса, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
– Мақта кластерін дамыту – маңызды іс. Жаңа технологияларды ендіру керек. Іс бастаймын, цех, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетіледі. Өңірде шығатын мақтаны өзіміз өңдеп, шаруалардың табысын арттыруымыз керек, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Жоба басшысы Туражан Саидовтың айтуынша, аталған ЖШС ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығымен айналысып келеді. Кейін шетелдегі серіктестері тарапынан заманауи мақта өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс түскен. Түркиядан арнайы құрылғылар, мақта өңдейтін машиналар әкелінген. Бұлардың ерекшелігі – электр қуатын үнемдейді әрі мақта талшығын сапалы етіп шығарады. Сауран ауданында бұрын-соңды болмаған құрылғылар сатып алынған. Бұл зауыт қыркүйекте ашылып, шаруалардың мақталарын қабылдайды деп күтіліп отыр. Ал 2025-2026 жылдары аталған зауыттың қасынан шитті өңдеп, май шығаратын цех ашу жоспарға енгізілген.
Соңғы жылдары су тапшылығының әсерінен суармалы жерлердегі жер асты суларының көтерілуі, минералданудың жоғарылауы, жердің сорлану деңгейінің күшеюі байқалуда. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердегі ауылшаруашылық өнімдерінің әр гектарынан алынатын шығымдылық деңгейін төмендетті. Әлбетте, мемлекеттің қолдауымен өңірдің суармалы жерлерінің мелиорациялық жағдайын ретке келтіруге біршама жұмыс қолға алынған.
Мақта шаруашылығы негізінен Мырзашөл өңірінде шоғырланған. Бүгінгі таңда жаңа техникалар мен озы технологиялардың арқасында оңтүстіктің басқа да өңірлерінде қарқын алып келеді.
Түркістан облысындағы колледж ұстаздары мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындарда, техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Педагогтарды Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты. Сапардың […]
Түркістан облысында сапалы жол салу жұмыстары қарқынды. Созақ ауданында КХ-110 «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымының құрылыс жұмыстары жүруде. Күре жолдың жөндеу жұмыстары Қозмолдақ елді мекенінің ішінен басталып, қазіргі таңда 3 шақырымнан астам жолға асфальт […]
Түркістан қаласында республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар спорт нысандары салынуда. Мұндай жұмыстар облыстың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізілуде. Бұл […]
Пікір қалдыру