Түркістан облысында мақта кластерін дамыту бағытында жұмыс жүріп жатыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы «Казтекс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауытын дамыту барысымен танысты. Аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталған. Түркиядан инвестиция тартылған.
Жобаның құны –1500,0 млн. тенге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өңдеу. Маусымдық кезеңдерде 150 адам жұмыспен қамтылса, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
– Мақта кластерін дамыту – маңызды іс. Жаңа технологияларды ендіру керек. Іс бастаймын, цех, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетіледі. Өңірде шығатын мақтаны өзіміз өңдеп, шаруалардың табысын арттыруымыз керек, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Жоба басшысы Туражан Саидовтың айтуынша, аталған ЖШС ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығымен айналысып келеді. Кейін шетелдегі серіктестері тарапынан заманауи мақта өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс түскен. Түркиядан арнайы құрылғылар, мақта өңдейтін машиналар әкелінген. Бұлардың ерекшелігі – электр қуатын үнемдейді әрі мақта талшығын сапалы етіп шығарады. Сауран ауданында бұрын-соңды болмаған құрылғылар сатып алынған. Бұл зауыт қыркүйекте ашылып, шаруалардың мақталарын қабылдайды деп күтіліп отыр. Ал 2025-2026 жылдары аталған зауыттың қасынан шитті өңдеп, май шығаратын цех ашу жоспарға енгізілген.
Соңғы жылдары су тапшылығының әсерінен суармалы жерлердегі жер асты суларының көтерілуі, минералданудың жоғарылауы, жердің сорлану деңгейінің күшеюі байқалуда. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердегі ауылшаруашылық өнімдерінің әр гектарынан алынатын шығымдылық деңгейін төмендетті. Әлбетте, мемлекеттің қолдауымен өңірдің суармалы жерлерінің мелиорациялық жағдайын ретке келтіруге біршама жұмыс қолға алынған.
Мақта шаруашылығы негізінен Мырзашөл өңірінде шоғырланған. Бүгінгі таңда жаңа техникалар мен озы технологиялардың арқасында оңтүстіктің басқа да өңірлерінде қарқын алып келеді.
Түркістан облысында электрондық түрдегі қызметтің үлесі 86 пайыздан асты. Мемлекеттік қызметтердің тізіміне енген 723 қызметтің 389-ы облыста көрсетіледі. Оның 192-сі жергілікті атқарушы органдармен, 197-сі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арқылы іске асырылған. Бұл туралы 2019 […]
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз — Абай күні болып ресми түрде жарияланды. Бұл — Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында орын алып отырған тарихи шешім. Осыған орай, Кентау қаласындағы Абай ескерткішінің алдында мерекелік […]
Үш баланың анасы Мөлдір Ізтілеуованың Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елдімекенінен Петропавл қаласына көшіп келгеніне 3 жыл болған. Осы уақыт аралығында СҚО-ның ауа-райына жерсініп алғаннан кейін жұбайымен бірге жеке іс бастапты. «Алғаш көшіп келгенімде мемлекет […]
Пікір қалдыру