Түркістаннан теріскейге келіп кәсіп ашқандар көп

Үш баланың анасы Мөлдір Ізтілеуованың Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елдімекенінен Петропавл қаласына көшіп келгеніне 3 жыл болған. Осы уақыт аралығында СҚО-ның ауа-райына жерсініп алғаннан кейін жұбайымен бірге жеке іс бастапты.

«Алғаш көшіп келгенімде мемлекет субсидия берді. Одан кейін бізге қаладан 12 шақырым жердегі Бескүлден Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 5 жылға жалға пәтер берді. Ал, мына Қытай емханасын ашқанымызға тура 1 жыл болды. Яғни, мемлекет көмектеседі барынша. Арықарай талпынып алып кету керексің. Қазір көршілерім, туыстарым звондап сұрап жатады. Мен келіңіздер деп шақырамын»-дейді ол.

Ал, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тумасы Мақсат Есжановтың СҚО Мағжан Жұмабаев ауданындағы Октябрьск ауылына 2018 жылы көшіп келіпті. Бүгінде сондағы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Оған қосымша мал шаруашылығын қолға алған.

«Еңбекақымды үнемдеп, субсидия алып мал алып жатырмын. Сүт бағытындағы қара мал алдым. Қазір күнделікті сүт өткізіп отырамыз. Бір сиырым күніне шамамен 30 литр сүт береді.  Қазірше сауып отырған 30 сиырым бар, 28 бас ет бағытындағы бұқаларым бар. Мен мал шаруашылығымен айналыспас бұрын бұл жерді зерттедім. Зерттей келе мал шаруашылығына бұ жердің қолайлы екенін білдім»-дейді шаруа.

Жалпы 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркістан облысынан солтүстіктегі облыстарға 282 отбасы көшіп келген. Олар осында өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге мол мүмкіндік алып отыр. Десе де, түстіктен келгендердің дені өз алдына кәсіп ашып, еңбек етуге құштар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*