Өткен жылдың 30 мамырында Қауіпсіздік кеңесі солтүстіктегі өңірлердің әлеуметтік жағдайын көтеру үшін жүйел жоба қабылдаған болатын. Осыған орай, республикалық бюджеттен 15 миллиард теңге бөлінген. Соның ішінде СҚО биылдың өзінде 3 миллиард теңгеге 428 үй салуды жоспарлап отыр.
Бұл жөнінде СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, Түркістан облысынан арнайы келген БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.
«428 үй саламыз. Оның бәрі ауылды жерлерге салынады. 2-3 түрлі жобамен салынатын ол баспаналардың көлемі 90 шаршы метрден кем болмайды. Мұндай үйлер өңірдегі 147 ауылда салынады»— дейді Асқар Жоламанұлы.
Бүгінде Қызылжарға қарасты Шал ақын ауднында алғашқы баспаналардың іргетасы қаланып жатыр. Жоспар бойынша мұнда 26 үй салынады екен. Ал, Ғабит Мүсірепов ауданында 39 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Сол құрылысы енді басталған 39 баспананың 24-не оңтүстіктен келген 24 жанұя бүгіннің өзінде бекітілген.
Бұл баспаналарға қол жеткізу үшін жанұяда 2 баладан кем болмауы қажет. Егер, осы үйде 5 жыл тұрса, арықарай өз жекеменшігіне өткізу мүмкіндігі бар.
Айа кетейік, БАҚ өкілдері Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы мен облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабековтың ұйымдастыруымен теріскейдегі облыстарды аралап жүр. Мақсаты оңтүстіктен көшіп барған отбасылардың тұрмысымен танысып, кеңінен насихаттау.
Пікір қалдыру