Шымкент: Қала күні мерекесіне орай тұрғын үй кезегінде тұрған 90 шымкенттік баспаналы болды

Шымкентте қала күніне орай тұрғын үй кезегінде тұрған 90 азамат баспаналы болды. Еліміздің үшінші мегаполисінде бүгін 90 шымкенттікке  жаңа пәтердің кілті табысталды. Пәтерге қол жеткізгендердің қатарында ҰОС ардагері Халил Ергешов та бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қуаныш иелерін карантин режиміне байланысты онлайн құттықтады.

«Ұлы Отан соғысында бейбіт заман үшін барын берген Сіздей батырдың бүгін қоныс тойын тойлайтынына қуаныштымын. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Өкінішке орай, әлемді жайлаған аты жаман індет басылмай тұр. Сол себепті, сақтық шараларын сақтау үшін сізді онлайн құттықтауға тура келді»- деді қала басшысы.
Қала күні қарсаңында баспаналы болғандар қатарында 65 көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған 24 жанұя бар. Жалпы жыл соңына дейін тағы 1 144 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 300-і жұмыс істеп жүрген жастарға, 450 пәтер көпбалалы отбасыға, 192-сі әлеуметтік аз қамтылған жанұяға беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

­

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*