Кентаудағы Жылу энерго орталығында жыл басынан бері «ЭМ-холдинг» ЖШС «Қазандықтарды реконструкциялау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Бекітілген кестеге сәйкес №8, №11 қазандықтар бойынша жұмыстардың аяқталуы биылғы 30 тамызға, №9, №10 қазандықтар қыркүйектің екінші онкүндігіне, ал №7, №12 қазандықтардың құрылысын аяқтау 30 қарашаға жоспарланған. Сондай-ақ №5 және №6 қазандықтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазандықтарда жылу-механикалық бөлік бойынша №8, №11 қазандықтарда жұмыс 95 пайызға аяқталды. Кейбір ескертулерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентаудағы Жылу энерго орталығына барып, құрылыс барысын қадағалады. Құрылыс басында мердігерлердің есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Одан кейін Жылу энерго орталығында жиналыс өткізіліп, атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер, алдағы жоспарлар талқыланды. Жиынға Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмырзаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, Түркістан облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев және өзге де жауапты департаменттер мен басқарма басшылары қатысты.
Облыс әкімі жауапты мердігерге жұмысты ширату, кестеге сай жүргізу жөнінде тапсырма берді. Олқылықтарды ашық айтып, түзетуді тапсырды. Жылу мәселесі аса өзекті екеніне тоқталып, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді.
– Біз тұрақты түрде жиналып, Кентаудағы Жылу энерго орталығын жөндеу барысын қадағалап отырмыз. Келісімшарт бар, онда бәрі көрсетілген. Сіздер сол келісімге сай жұмыс жүргізіп, міндеттеріңізді уақтылы және сапалы орындауларыңыз керек. Қаржыландырудан мәселе бар ма? Жоқ. Тапсырыс беруші, әкімшілік, құқық қорғау, тексеруші органдардан да еш кедергі жоқ. Бәрі өз қолдарыңызда. Жұмысты ширатыңыздар. Білікті мамандар мен жұмысшыларды көбейтіп, қазандықтардың құрылысын өз мерзімінде аяқтаңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен жауапты мердігер компания басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Өзге де қазандықтардағы жұмыстар мен кемшіліктер сараланып, мердігер мен жауапты басшыларға жұмысты жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді. Осыған байланысты, өндірістік жұмыс кестесінің мерзімдерін сақтау үшін жұмысшылар санын көбейту және қосымша бригаданы жұмылдыру жөнінде міндеттер жүктелді.
Тапсырыс беруші тарапынан бақылау және уақтылы ден қою мақсатында штаб құрылған. Штабтың кеңесінде жұмыс кестесінен артта қалу, сапа бойынша ескертулер анықталады және тәуекелдер туралы алдын ала ескертіледі. Тапсырыс беруші тарапынан жабдықтар мен материалдарды жеткізу жөніндегі мердігерлік ұйым шарттарының орындалуына бақылау жүргізілуде. Қарағанды және Теміртау қалаларындағы жабдықтарды дайындаушы зауыттардың жұмыс барысымен танысу үшін Кентау қаласындағы ТКШ бөлімінің басшысы және ЖЭО-5 директоры іссапарға жіберілді. Ресей Федерациясының өндіруші зауыттарымен де жабдықты өндіру және жеткізу мерзімдері бойынша тиісті келіссөздер тұрақты жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысын дамыту бағытында өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріледі. Аудан, қала мәселелерін анықтауға және заңсыздықтарды жоюға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Осы ретте, облыс басшысы Дархан Сатыбалды мен оның орынбасарлары кестеге сәйкес жергілікті тұрғындарды жеке қабылдауда. Бұл […]
Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынып жатқан құрылыс жұмыстарын жаяу аралады. Салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, […]
Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған. Бұл жайлы облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. 2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында […]
Пікір қалдыру