Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Келес елді мекеніне арнайы барып, мептеп ғимаратының құрылысымен танысты.
Құрылыс аумағының жалпы алаңы 0,5 гектарды құрайды.
Қазіргі таңда, кәсіпкер Оспанкулов Марат Нуржанович өз қаржысы есебінен 200 орындық мектеп құрылысын іске асыруда.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі №77 және Ақ үй елді мекеніндегі №69 орта мектептері ғимараттарының жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарымен танысып қайтты.
Аудан аумағында білім мекемелері орналасқан елді мекендерде, қатты отын арқылы жылытылатын мектептердің жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда мектеп ғимараттарына табиғи газға арналған жылыту қазандықтары орнатылып, құбырлар жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған.
Аудан басшысы мектеп ғимараттарындағы жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беруді тапсырды.
Мұнан бөлек аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Қабланбек ауылдық округі Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында мердігер мекеме ЖК «Қазыбеков» тарапынан мектеп ғимаратының сыртқы қас бетін қаптау жұмыстары жүргізілген.
Келесі кезекте аудан басшысы Қанағат елді мекенінде орналасқан «Кәусар» бала бақшасы ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарын саралады. Бүгінгі таңда, бала бақшаның ішкі әжетханалары орнатылып, құбырлар жүргізілуде және ішкі есіктер ауыстырылуда. Жалпы мердігер мекеме ЖК «Перизат» тарапынан ағымдау жөндеу жұмыстары 80% орындалған.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде өзі келіп қадағалап тұратынын атап өтті.
Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан елді мекеніне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарының барысын пысықтады. Дастан елді мекенінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелеріне […]
Сарыағаштық мектептердің бірінде орыс тілі пәнін өзі ежелеп оқитын мұғалім балаларға сабақ беріп келген, деп жазады Оtyrar.kz сайты. Бүгінде мектепте оқу процесі қарқынды жүріп жатыр. Бірақ «Отырар» телеарнасының тілшісі барғанда білім ошағының басшысы жұмыс уақтысында […]
Шымкент қаласы «Тұран» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысына барған қала басшысы мұндағы шешілмей жатқан түйткілді коммуналдық мәселелермен қатар, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасалауы керектігін қадап айтты — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Шымкент […]
Пікір қалдыру