Сарыағаш ауданы экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға жер қатынастары және ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері қатысты.
Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты мекеме басшылары мен инвесторларға инвестициялық жобаларды бекітілген мерзімінде жүзеге асыруын жүктеді.
Мұнан соң аудан басшысы 2024 жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жартытөбе ауылдық округінде орналасқан №35 Б.Гафуров атындағы жалпы білім беретін мектебіне сонымен қатар, Дербісек ауылдық округіндегі №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектептеріне арнайы барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтіп жатқан Жартытөбе ауылдық округіндегі №35 Б.Ғафуров атындағы мектепте, сонымен қатар Дербісек ауылдық округінде орналасқан №22 Елшібек батыр атындағы мектепте мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары 80-85% орындалған.
Білім ордасының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған аудан әкімі күні бүгінге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарын саралай келе құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, жаңа оқу жылына дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалуы керектігін атап өтті.
Өңірде, «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы 1 кәсіпорын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен екі жақты келісімге қол қойды. Жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық […]
«Жұлдыз» индустриалды аймағында ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңі – керамикалық плиталар шығаратын зауыт іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «WAN SHENG CERAMIC» шетелдік компаниясының құрылтайшылары қатысты. Қала әкімі өз сөзінде ауқымды зауыт […]
Сарыағаштық мектептердің бірінде орыс тілі пәнін өзі ежелеп оқитын мұғалім балаларға сабақ беріп келген, деп жазады Оtyrar.kz сайты. Бүгінде мектепте оқу процесі қарқынды жүріп жатыр. Бірақ «Отырар» телеарнасының тілшісі барғанда білім ошағының басшысы жұмыс уақтысында […]
Пікір қалдыру