Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ауыз су жіберу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен ауыл тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстарды тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мердігер мекеме өкіліне және бөлім басшысына жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.
Аудан әкімі жұмыс сапары барысында аталған ауылдық округте орналасқан №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, жауапты мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және тамыз айының соңына дейін аяқтау қажет екенін ескертті.
Айта кетсек, ғимараттың терезелері түгел пластик терезелерге ауыстырылып электр жүйелері жаңартылған. Шатыр ағаштары толығымен қағылып, ғимараттың 1-2 қабаттарында жылыту трубасы орнатылды.Келесі кезекте есіктерін орнату, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. Қабырғалар мен мектептің қасбеті түрлі-түске боялып, тамыз айының 28-не тапсыру жоспарлануда.
Мұнан соң аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген 19 тұрғын өз мәселелері бойынша жүгінді.
Атап айтқанда ауыз су мәселесі, коммуналдық тұрғын үй кезегі, жол мәселесі, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жолдады.
Аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар беріп, өзінің тікелей бақылауында болатынын жеткізді. Оған қоса, тұрғындардың өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді.
Шымкент қаласында 2020 жылы Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 7 елдімекенге сапалы ауыз су беріліп, Тассай, Бадам-Бадам-2, Бадам 195 орам, Азат, Достық және Тұран (II кезек) елдімекендерінің тұрғындары қуанышқа кенеліп отыр. Ширатып айтсақ, Бадам 195 орамда […]
Түркістан облысында ауыз су саласына 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталды, қалған 34 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды, 9 елді […]
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған жаңа дәрігерлік амбулаториясы Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде пайдалануға берілді. Айта кету керек, ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен аудандық […]
Пікір қалдыру